×

Жасанды интеллект: Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін

Бірқатар мамандық қажетсіз болып қалады. 

Жасанды интеллект: Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін
Pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің айтуынша, елімізде жасанды интеллектіні дамыту үшін білікті кадрлар жетіспейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда ең көп сұранысқа ие мамандықтар – data scientist, машиналық оқыту инженерлері, деректер инженері, деректер талдаушысы мен интерпретаторы, сондай-ақ этика саласының мамандары мен ІЖ-аудиторлар.

Маман тапшылығының негізгі себептері – арнайы оқу бағдарламаларының аздығы, білікті кадрлардың шетелге кетуі және саладағы еңбекақының төмендігі.

Сонымен қатар жасанды интеллектінің дамуы бірқатар дәстүрлі кәсіптердің қысқаруына алып келеді. Алдағы жылдары бастапқы деңгейдегі бухгалтерлер, станок операторлары, конвейер жұмысшылары, ораушылар мен кассирлердің жұмысы азаюы мүмкін.

Байқаған шығарсыздар, қазір ірі сауда желілерінде кассирлердің орнына өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары қойылып жатыр. Бұл үрдіс алдағы уақытта одан әрі күшейе түседі, – дейді Олжас Анафин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
Бүгін, 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →