×

Түркістанда отбасы құндылықтарына арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістанда отбасы құндылықтарына арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбы аясында өткен бұл маңызды шарада ұлттық дәстүр мен салт-сананы сақтай отырып, отбасы институтының беріктігін қамтамасыз ету, оның қоғамдағы орны мен рөлін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Іс-шараға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы, Отбасын қолдау орталығының директоры Мария Досыбекова, сонымен қатар облыстық полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторлары қатысты.

Жиын барысында спикерлер отбасы тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау, өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов:"Ұлттық болмысымыздың негізі – берік отбасы. Қазіргі заманда жастардың тәрбиесі мен отбасы жауапкершілігін күшейту – барша қоғамның ортақ міндеті. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасында басталады," – деп атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы ішіндегі психологиялық климатты жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, құқықтық және психологиялық сүйемелдеу тетіктері талқыланды. Полиция департаментінің инспекторлары қоғамда орын алып отырған түрлі тұрмыстық мәселелерге тоқталып, оларға қарсы тұрудың құқықтық жолдарын түсіндірді. Шара соңында қатысушылар арасындағы пікір алмасу барысында қазіргі заманғы отбасының алдында тұрған басты сын-қатерлер мен оларды еңсеру жолдары қарастырылды. Сонымен бірге, қатысушылар мұндай басқосулардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, отбасы құндылықтарын насихаттау жұмыстарын кеңінен жүргізу қажеттігін айтты.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →