×

Түркістанда балалар мен отбасыларды қолдау бағытында меморандумға қол қойылды

Түркістанда балалар мен отбасыларды қолдау бағытында меморандумға қол қойылды

 

Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» директоры Мария Сартайқызы мен «Оқушылар сарайы» директоры Индира Сарқытқызы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Меморандумның мақсаты — қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен олардың балаларына жан-жақты көмек көрсету, білім беру мен тәрбие сапасын арттыру, қосымша білім беру саласында жаңа әдістерді енгізу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Құжат аясында екі мекеме қиын жағдайдағы отбасыларға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беру үйірмелері мен секцияларын кеңейту, тәрбиелік іс-шараларды бірге өткізу, маман алмасу және тәжірибе бөлісу және Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату бағыттары бойынша бірлесіп жұмыс атқаруға келісті.

"Бұл меморандум – балаларға деген ортақ қамқорлығымыздың нақты көрінісі. Біз тек көмек көрсетумен шектелмей, олардың толыққанды дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасауды көздейміз. Ынтымақтастық арқылы әр бала өз әлеуетін ашуға жол табады," – деді «Отбасын қолдау орталығының» директоры Мария Сартайқызы.

Шара барысында қатысушылар екі мекеменің бір-бірін толықтыратын әлеуетіне ерекше тоқталып, Түркістан қаласындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен балалардың болашағына салынған инвестиция ретінде бұл келісімді жоғары бағалады.

"Бүгінгі келісім – біздің ортақ жауапкершілігіміздің дәлелі. Қосымша білім беру саласында балалардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әлеуетін дамытатын жобалар көп болады деп сенеміз. Бұл жұмыс – бір күндік емес, жүйелі, тұрақты әрекетке негізделмек," – деп атап өтті Индира Сарқытқызы, «Оқушылар сарайының» директоры.

Айта кетейік, алдағы уақытта меморандум аясында түрлі тренингтер, семинарлар, ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер мен ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Көптеген тұрғын жәрмеңке демалыс күндері сауда жасап, өнім алатын жерге айналғанын айтады
Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда
Мерейтой иелерінің қатарында Жылыой ауданынан Сауытовтар, Индер ауданынан Азановтар (Гауһар той), Атырау қаласынан Сағынаевтар, Мақат ауданынан Исмағұловтар, Қызылқоға ауданынан Манғұровтар (Алтын той), сондай-ақ Исатай ауданынан Әбішевтер, Махамбет ауданынан Мұқашевтар және Құрманғазы ауданынан Ерекешовтер (Күміс той) отбасы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →