×

Түркістан қаласында WORLD CLEANUP DAY сенбілік шарасы өтті

Түркістан қаласында WORLD CLEANUP DAY сенбілік шарасы өтті
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс орталығы, киелі шаһар Түркістан қаласында  халықаралық World CleanUp Day іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кезекті сенбілікке қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында жалпы 1000нан адам астам, 22 арнайы техника жұмылдырылып, Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқ жолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Түркістан қаласы әкімдігі қала тұрғындарын тазалыққа белсене атсалысуға және өздері тұратын аймақтарды таза ұстауға шақырады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті
Кеше, 19:30

Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті

Ақшат тұрғын алабында құрылған этноауылда  60 киіз үй тігілді
60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды
Мемлекеттің, ұлтының Алаш арысына берген бағасы, көрсеткен құрметі
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →