×

Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді

Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өскемен қаласында ауқымды экологиялық акция – World Cleanup Day («Дүниежүзілік тазалық күні») ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қатысушылар мектептердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бекітілген аумақтарын тазалады. Эковолонтерлер мен мемлекеттік құрылымдардың негізгі аймағы Шмелев Лог аумағы болды.

Еске сала кетейік, экологиялық бастама Глубокое ауданын да қамтып, КММ «Мало-Уба орман шаруашылығының» аумағында 113 мың сібір шыршасының көшеті отырғызылды.

Жалпы, облыс бойынша өткен акцияларға шамамен 1000 адам қатысты: мемлекеттік органдар мен кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар, студенттер, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер және белсенді қала тұрғындары.

Акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ШҚО әкімдігінің, Өскемен қаласы әкімдігінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, ШҚО Экология департаментінің және қоғамдық экологиялық қозғалыстардың қолдауымен өтті.

Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі шара қорытындысын Қазақстан рекордтар кітабы – «ҚАЭА»-ға енгізуге өтінім берді.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді, ал Қазақстан бұл бастаманы дәстүрлі түрде белсенді қолдап келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті
Кеше, 19:30

Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті

Ақшат тұрғын алабында құрылған этноауылда  60 киіз үй тігілді
60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды
Мемлекеттің, ұлтының Алаш арысына берген бағасы, көрсеткен құрметі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →