×

Қала күні: Алматыда KitapFest 2025 фестивалі өтуде

60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды

Қала күні: Алматыда KitapFest 2025 фестивалі өтуде
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда елдегі ең ірі әдеби фестивальдердің бірі KitapFest 2025 басталды. Ол Қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Негізгі алаң Арбат болды: мұнда таңнан бері шабыт пен шығармашылыққа толып, пікірлесу орнына айналды. 

Биылғы фестивальдің ауқымы ерекше әсер қалдырады: 60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды. Оның ішінде 2 мыңнан астам жаңа туындылар алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Іс-шара аясында белгілі ақын-жазушылармен кездесу өтті. Атап айтсақ, оқырман қауым Сәуле Досжан, Ақберен Елгезек, Мақсат Мәлік, Наталья Горячева, Людмила Лазарева, Василий Шупейкин және т.б. жүздесті. Олар туындысын таныстырып, өлең оқып, оқырмандардың сұрағына жауап беріп, жастарды шығармашылыққа жетеледі.

Қонақтарды «Жанды кітапхана» жобасы елең еткізді, мұнда Абайдан бастап Шекспирге дейінгі әлемдік әдебиет классиктері актерлердің орындауында «жан бітіп» көрерменмен жүздесті. Балалар үшін қиял-ғажайып декорациялар мен әдеби квесттер ұйымдастырылған Estelik Zone аймағы да көптің көңілінен шықты.

«KitapFest – бұл жай ғана кітап мерекесі емес. Бұл ұрпақтар арасындағы сұхбат орнайтын, сөздің қайтадан жанды сипатқа енетін, әдебиеттің қала өмірінің бір бөлігіне айналатын орын», — деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан.

Фестиваль кітап адамдарды табыстыратын, ойды дамытатын әрі мәдени байланысты нығайтатын кеңістік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алматы әдебиетті қадірлейтінін және оны насихаттауға жағдай жасайтынын айқын көрсетті.

KitapFest 2025 қыркүйектің 21-іне дейін жалғасады. Сағат 20.00-ге дейін ашық шығармашылық пен әдебиет әлемін сүйетін барша жанды шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті
Кеше, 19:30

Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті

Ақшат тұрғын алабында құрылған этноауылда  60 киіз үй тігілді
Мемлекеттің, ұлтының Алаш арысына берген бағасы, көрсеткен құрметі
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →