×

Алматы Қала күнін атап өтуде: әкімнің құттықтауы мен мерекелік іс-шаралар

Мерекелік бағдарламалар Астана алаңындағы концертпен басталды

Алматы Қала күнін атап өтуде: әкімнің құттықтауы мен мерекелік іс-шаралар
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматылықтар дәстүр бойынша Қала күнін қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді. Қала аумағында концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мерекелік бағдарламалар Астана алаңындағы концертпен басталды. Онда қала әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды және мегаполис қонақтарын мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды шын жүректен Қала күнімен құттықтаймын! Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі, еліміздің жаңа дәуірі басталған шаһар. Алматының басты құндылығы – оның тұрғындары. Сіздердің еңбектеріңіз, бастамашылдықтарыңыз бен белсенділіктеріңіз қаламызды жарқын әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналдыруда. Біз Алматыны заманауи, жайлы әрі өркендеген қала ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсап келеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бізге бірқатар маңызды міндет жүктеді. Солардың ішінде экологияға, қауіпсіздікке және қалалық ортаның сапасына айрықша мән берілуде», – деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалды атап өткендей, бұл міндеттерді орындау үшін қалада бес негізгі даму бағыты айқындалған. Олар – көлікті жаңғырту, экологияны жақсарту, бизнесті қолдау, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және тұрғындармен ашық диалогты нығайту.

«Осы басымдықтарды жүйелі жүзеге асыру Алматыны шынымен жасыл, қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы мегаполиске айналдырады», – деп атап өтті қала әкімі.

Ресми бөлімнен кейін әкім Alma Fest–2025 фестиваліне қатысты. Тұңғыш Президент саябағында өткен мерекеде фермерлер 100 тоннаға жуық алма әкелді. Қонақтар сүйікті сорттарының дәмін татып, түрлі көрмелер мен ұлттық дәстүрлерге толы іс-шараларға қатысты. Саябақ аумағы дәстүр бойынша егін мен мәдениеттің үлкен мерекесіне айналды. Мұнда алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңкесі, гастрономиялық алаңдар, балмұздақ фестивалі және ашық аспан астындағы кинотеатр ұйымдастырылды.

Жалпы, Қала күні аясында Алматыда мазмұнды бағдарлама әзірленді. Барлық аудандарда экологиялық акциялар, жәрмеңкелер, флешмобтар, кітапханаларда әдеби кештер және мұражайларда тақырыптық көрмелер өтуде. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылды, спорттық жарыстар мен басқа да мәдени әрі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті
Кеше, 19:30

Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы өтті

Ақшат тұрғын алабында құрылған этноауылда  60 киіз үй тігілді
60 баспадан 10 мыңнан астам кітап ұсынылды
Мемлекеттің, ұлтының Алаш арысына берген бағасы, көрсеткен құрметі
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →