×

Автокөлік тарихын енді смартфоннан-ақ білуге болады

Қазақстандықтар енді автокөлік тарихын онлайн біле алады

Автокөлік тарихын енді смартфоннан-ақ білуге болады
Фото әлеуметтік желіден

Елімізде көліктердің өткенін тексеруге арналған жаңа онлайн-сервис іске қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

«Авто тарихы» деп аталатын қызмет «ХҚКО» мобильді қосымшасында қолжетімді. Оның көмегімен пайдаланушылар Қазақстанда тіркелген кез келген көлік туралы толық мәлімет ала алады. Сервис арқылы мынадай ақпарат ұсынылады:

  • көліктің тіркелуі туралы деректер;

  • арест, кепіл немесе әкімшілік айыппұлдардың болуы;

  • кедендік рәсімдеу тарихы;

  • утилизациялық алымның төленуі;

  • арнайы белгілердің болуы;

  • берілген техникалық паспорттар туралы мәлімет.

Деректерді алу үшін көліктің VIN-кодын енгізу жеткілікті. Барлық мәліметтер мемлекеттік дерекқорлар негізінде нақты уақыт режимінде қалыптастырылады.

Қызмет ақылы түрде ұсынылады: бір тексеріс құны – 500 теңге. Сондай-ақ, бірнеше тексеруге арналған жеңілдетілген топтамалар бар: 10 тексеріс – 4 500 теңге, 20 тексеріс – 8 000 теңге.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа формат көлік сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтап, алаяқтық тәуекелін азайтуға және мәмілелердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. 

«Бұл формат көлікті сатып алу кезінде жасырын мәселелерді алдын ала анықтауға, қауіп-қатерді азайтуға және заң тұрғысынан бәрі дұрыс екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сервис мәмілелердің ашықтығын арттырып, автонарықтағы алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →