24 наурызда Қазақстан әлем елдерімен бірге Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін атап өтеді. БҰҰ туберкулез ауруын безгек, ЖИТС дертімен бірге адамзат баласына қауіп төндіретін індет санап, онымен күреске барлық мемлекетті күш жұмылдыруға шақырады
24 наурызда Қазақстан әлем елдерімен бірге Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін атап өтеді. БҰҰ туберкулез ауруын безгек, ЖИТС дертімен бірге адамзат баласына қауіп төндіретін індет санап, онымен күреске барлық мемлекетті күш жұмылдыруға шақырады. Сарапшылар коронавирус індетінен кейін туберкулезбен ауырғандар саны қайта бас көтеруі мүмкін деген жорамал жасап отыр. Осы орайда еліміздегі туберкулезбен күрес бойынша ұлттық бағдарламаның операторы – Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденұлы Молдабековке туберкулез туралы мазалаған сұрақтарымызды қойған едік.
Qaz365.kz: Мамандар коронавирус індетінің салдары алдағы 2-3 жылда сезілетінін айтуда. Мәселен туберкулезбен ауыратындар саны өсуі мүмкін деген де болжам бар. Осы орайда еліміздегі туберкулездің қазіргі эпидемиологиялық ахуалы қандай?
Жауап: Ондай қауіп жоқ емес. Өйткені коронавирус індеті туберкулезбен күрестегі жетістіктерімізге кері әсерін тигізбей қоймады, сондықтан туберкулез бүгінгі күні Қазақстанда өзекті мәселе болып қалуда. Дегенмен еліміз соңғы он жылда туберкулездің эпидемиологиялық ахуалын жақсарта алды. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 55,3%-ға, өлім-жітім – 81,1%-ға кеміді. Балалар арасындағы ауыру 27%-ға, туберкулездің таралуы 28%-ға төмендеді. Дегенмен арқаны кеңге жаюға ерте, қамсыз қалсақ қапыда қалдыруы мүмкін.
Qaz365.kz: Сіз келтірген жақсы нәтижеге қандай іс-шара нәтижесінде қол жетті?
Жауап: Бұған бірнеше фактор әсер етті. Бірінші кезекте бұл әрине мемлекеттің қолдауы. Екіншіден, туберкулезге қарсы қызметтің сапасы жақсарды, елімізге туберкулезді анықтау, диагностикасы және емдеу бойынша ДДСҰ ұсынған ең соңғы және ең озық әдістер енгізілуде. Мемлекет есебінен ең жаңа сапалы дәрі-дәрмек тұрақты түрде жеткізіліп жатыр. Қазір еліміз туберкулезбен күрес жолында ҰФҒО арқылы ДДСҰ, Жаһандық қор, USAID, KNCV және тағы басқа ірі халықаралық ұыймдармен тұрақты әрі берік әріптестік орнатқан.
Бірақ тоқмейілсуге де болмайды. Туберкулез әлі де әлемдегі ең қауіпті індеттің бірі болып қалуда. Ауа арқылы тарайтын және ағзадан тыс ортада ұзақ уақыт тіршілік ете алатын туберкулез бактериясы адам таңдамайды, онымен кез келген адам ауыруы, оны кез келген азамат жұқтыруы мүмкін. Сондықтан туберкулезді анықтау мен диагностикалау бұл ауру індетін тоқтатудың ең маңызды алғышартының бірі. Елімізде ДДСҰ-ның соңғы ұсыныстарына сәйкес туберкулезді анықтау мен диагностикалаудың барлық әдісі енгізілген.
Туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында аудандық деңгейдегі емханалар желісінде туберкулездің ПТР диагностикасы (Xpert MBT/RIF) енгізілген. Оның көмегімен 2 сағат ішінде ген-молекулярлы деңгейде пациентте туберкулездің қандай түрі барын және оның дәріге төзімділігін анықтауға болады. Соның арқасында дәрігерлер уақыт созбай жедел түрде қандай дәрімен емдеу керегін біледі. Қазіргі таңда еліміздегі емханалар желісінің 99,7% осындай молекулярлық-генетикалық әдіспен қамтамасыз етілген. Одан бөлек облыстық фтизиопульмонология орталықтары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың бактериологиялық әдістері қолданылады, ол туберкулезге қарсы препараттарға төзімділіктің толық спектрін анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандарынан барлық аймақтағы медицина қызметкерлеріне күрделі және ауыр жағдайлар бойынша консультациялар өткізуге, кеңес беру ісіне жаңа коммуникациялық технологияларды (Telemedicine, ZOOM, WebEx) белсенді түрде қолданады.
Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде ҰФҒО мамандары жыл сайын туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға мониторинг пен бағалау жүргізу үшін тұрақты түрде өңірлерге барып, қадағалау жүргізеді. Туберкулезге қарсы қызмет және басқа да медициналық ұйымдарға әдістемелік және практикалық жағынан көмек көрсетеді.
ҰФҒО-ның оқу орталығы еліміздегі емхана дәрігерлері мен фтизиатрларын тұрақты түрде онлайн форматта (Moodle платформасында) немесе арнайы барып оқытады.
Qaz365.kz: Еліміз туберкулезге қарсы жаңа дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді дедіңіз. Олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі қандай?
Жауап: Бүгінгі таңда амбулаторлық және стационарлық емдеу сатысындағы барлық пациент тиімді емдеуге қажет туберкулезге қарсы препараттар кешенімен толық әрі тегін қамтамасыз етілген. Бұл дәрі-дәрмектер алдымен ДДСҰ тексеруінен, сосын елімізде қатаң зертханалық бақылаудан өтеді. Ал олардың тиімділігіне келсек, мәселен сезімтал туберкулезді емдеу тиімділігі 88,2%, дәріге төзімді туберкулезді емдеуге арналған дәрілердің тиімділігі 80,2% құрады. Бұл ДДСҰ-ның стандартынан жоғары екенін атап өткім келеді.
Қазір аурухананы алмастыратын технологиялар әзірленуде, яғни пациенттер жақын маңдағы медицина мекемесінде амбулаториялық жағдайда емделуге көшті. Осы ретте біз цифрлы технологияны кеңінен қолдануға көштік. Мәселен туберкулез бактериясын жұқтырмайтын және емдеу режимін бұзбаған пациенттеріміз амбулаториялық жағдайда емделуге көшкенде олардың дәрі ішкенін дәрігерлер смартфон арқылы қадағалайды. Бұл бейнебақылау арқылы емделу деп аталады.
Qaz365.kz: Туберкулезбен ауыратын адам ұзақ уақытқа жұмыстан, оқудан қол үзуі мүмкін. Бұл оның әлеуметтік жағдайына да кері әсер етеді. Сол жағдайда мемлекет әлеуметтік қолдау көрсете ме?
Жауап: Иә, расында да туберкулезден емделу кейде 20 айға дейін созылуы мүмкін. Адам еңбек ету қабілетінен уақытша айырылады. Туберкулезге қарсы дәрілердің жанама әсерлері де ағзаға зиянын тигізуі ықтимал. Емделу ұзақ әрі ауыр өткен жағдайда моральдық та, физиологиялық та тұрғыда шаршаған адам емнен бас тартуы немесе уақытша емді үзуі де кездеседі. Ал емді қысқа уақытқа үзудің салдарынан оның тиімділігі төмендейді, туберекулездің дәрге төзімді түрінің пайда болуына әкеледі, ал оның соңы еліміздегі туберкулез бойынша эпидемиологиялоық ахуалдың нашарлауына апарып соғады. Сондықтан мемлекет тарапынан осындай пациенттерді әлеуметтік қолдау аса маңызды мәселе. Еліміздегі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, туберкулез науқастарының жергілікті атқарушы органдардан әлеуметтік көмек алуына толық құқығы бар.
Ондай көмек түріне емханаға бару жол ақысын төлеу, азық-ьүдікпен қамтамасыз ету, тағы басқа қолдау жатады. Өткен 2022 жылы елдегі туберкулез пациенттерінің 97%-на 1 млрд 900 млн теңгеден астам сомада әлеуметтік көмек көрсетілді.
Осы орайда баспанасыз көшеде жүргендер, ішімдікке әуес, есірткіге тәуелді, түрмеден шыққан азаматтар, мигранттар секілді халықтың осал топтарына қолдау көрсету аса маңызды. Себебі мұндай санаттағы адамдар туберкулез жұқтыру және туберкулезбен ауыру бойынша қауіп-қатер тобына жатады. Халықтың осал тобымен жұмыс істеудегі үкіметтік емес ұйымдардың еңбегін айрықша атап өту керек. «Тең-теңіне» қағидасымен ҮЕҰ сондай жандарға психологиялық көмек, құжаттарын жасату, жұмыс табу жағынан көмек көрсетеді. Сонымен бірге ҮЕҰ өкілдері осындай топ арасындағы туберкулездің жаңа жағдайын анықтауға, емін үзгендерді іздеп табуға, оларды қайта емделуге келістіруге көп көмегін тигізеді.
2022 жылы ҮЕҰ қызметкерлері халықтың осал топтарына жататын адамдар арасынан туберкулез белгілері бар 10 мыңнан астам адамды емханаға тексерілуге жолдаған, олардың көмегімен белсенді туберкулездің 648 жағдайы анықталды. ҮЕҰ күшімен емделуден қол үзген 389 науқас емін қайта жалғастыра бастады.
Сөз соңында айтарым, туберкулез ауруының белгілері байқалған жағдайда, дер кезінде дәрігерге қаралып, тиісті емді алса, ем-шараны үзбесе адам бұл аурудан құлан-таза айығып кетеді. Туберкулезбен күресте қоғам жұдырық болып жұмылғанда ғана оны жеңуге болатынын да баса айтқым келеді. Әр адам денсаулығынан бөлек жақындары, қоршаған ортасы алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Туберкулез дер кезінде анықталып, толық емделгенде ғана толық емделеді. Ал мемлекет өз кезегінде осы дертке шалдыққан азаматының емделуі мен диагностикасын толық өз мойнына алады және ондай азаматына әлеуметтік қолдау көрсетуге ұмтылады.
24 наурызда Қазақстан әлем елдерімен бірге Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін атап өтеді. БҰҰ туберкулез ауруын безгек, ЖИТС дертімен бірге адамзат баласына қауіп төндіретін індет санап, онымен күреске барлық мемлекетті күш жұмылдыруға шақырады. Сарапшылар коронавирус індетінен кейін туберкулезбен ауырғандар саны қайта бас көтеруі мүмкін деген жорамал жасап отыр. Осы орайда еліміздегі туберкулезбен күрес бойынша ұлттық бағдарламаның операторы – Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденұлы Молдабековке туберкулез туралы мазалаған сұрақтарымызды қойған едік.
Qaz365.kz: Мамандар коронавирус індетінің салдары алдағы 2-3 жылда сезілетінін айтуда. Мәселен туберкулезбен ауыратындар саны өсуі мүмкін деген де болжам бар. Осы орайда еліміздегі туберкулездің қазіргі эпидемиологиялық ахуалы қандай?
Жауап: Ондай қауіп жоқ емес. Өйткені коронавирус індеті туберкулезбен күрестегі жетістіктерімізге кері әсерін тигізбей қоймады, сондықтан туберкулез бүгінгі күні Қазақстанда өзекті мәселе болып қалуда. Дегенмен еліміз соңғы он жылда туберкулездің эпидемиологиялық ахуалын жақсарта алды. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 55,3%-ға, өлім-жітім – 81,1%-ға кеміді. Балалар арасындағы ауыру 27%-ға, туберкулездің таралуы 28%-ға төмендеді. Дегенмен арқаны кеңге жаюға ерте, қамсыз қалсақ қапыда қалдыруы мүмкін.
Qaz365.kz: Сіз келтірген жақсы нәтижеге қандай іс-шара нәтижесінде қол жетті?
Жауап: Бұған бірнеше фактор әсер етті. Бірінші кезекте бұл әрине мемлекеттің қолдауы. Екіншіден туберкулезге қарсы қызметтің сапасы жақсарды, елімізге туберкулезді анықтау, диагностикасы және емдеу бойынша ДДСҰ ұсынған ең соңғы және ең озық әдістер енгізілуде. Мемлекет есебінен ең жаңа сапалы дәрі-дәрмек тұрақты түрде жеткізіліп жатыр. Қазір еліміз туберкулезбен күрес жолында ҰФҒО арқылы ДДСҰ, Жаһандық қор, USAID, KNCV және тағы басқа ірі халықаралық ұыймдармен тұрақты әрі берік әріптестік орнатқан.