×

Астаналық танымал журналист мәһрге үш сиыр сұрады

Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған

Астаналық танымал журналист мәһрге үш сиыр сұрады
Әлеуметтік желі

Отандық телеарналардың бірінде қызмет ететін журналист Ақбөпе Тәңірберген әлеуметтік желіде мәһрге не сұрағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол мешіттегі неке қию рәсімінен видео жариялады. Видеода имамның Ақбөпеден мәһрге не қалайтынын сұрады. Ол күйеуі Диас үш сиыр әперем дегенін айтады. Имам: «Алла қаласа, Диас бауырымыз Ақбөпе қарындасымызға үш сиыр алып береді» деп сөзін аяқтады.

Айта кетейік,  Ақбөпе Тәңірберген көпшілікке Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған. Ол «Хабар-24» арнасында істеген тұста «Әкімдер» бағдарламасын жүргізген. Сол кезде Алматының «Алатау» ауданының әкімдігінің ғимаратында күзетші тілшіні көтеріп алып, сыртқа шығарып тастаған. Кейін бұл видео желіде тарағанда қоғамда резонанс туындаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →