×

Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінің электр желілерін бақылауға алды

Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған

Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінің электр желілерін бақылауға алды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Дом на Абая» тұрғын үй кешенінде болып, өзекті мәселелерді талқылау үшін тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесуге сондай-ақ «АЖК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі атқарушы директоры мен қалалық қызмет басшылары, оның ішінде ТЖД өкілдері қатысты.

Тұрғындар электр қуатының жиі өшіп қалуына шағымданды, соның салдарынан олар сусыз, жеделсатысыз қалады. Сонымен қатар, сыртқы кабель желілерінің сапасы және өрт қауіпсіздігі жүйесінің сәйкессіздігі мәселесі көтерілді. 

Қалалық ТЖД бастығының айтуынша, тексеру барысында бұрын 18 бұзушылық анықталған, оның 15-ін құрылыс салушы жойған. Алайда өрт сөндіру жүйесіне қатысты кейбір бұзушылықтар шешілмеген күйінде қалды. Олардың ісі сотқа жіберілді, ал тұрғындардың өтінішімен қайта тексеру жүргізіледі.

«АЖК» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры мекеме инженерлік желілерді иесіз деп танып, сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін ғана иелігіне алуға дайын екенін атап өтті.

Дархан Сатыбалды тұрғын үй кешені жайы ұжымдық меншік аймағында екенін, алайда қаладағы мәселелер бойынша шешім шығаруға дайын екенін атап өтті.

«Біз тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз. Трансформаторлық қосалқы станция бойынша жұмыс Энергетика басқармасымен бірлесіп жүргізіледі. Алты ай ішінде нысан иесіз деп танылады, содан кейін ол энергия беруші ұйымның балансына беріледі. Өртке қарсы жүйеге қатысты мәселе де бақылауға алынып, ТЖД қатысуымен тексеру жүргізіледі», – деді Алматы әкімі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →