×

Түркістан қаласында үлгілі отбасылар марапатталды

Түркістан қаласында үлгілі отбасылар марапатталды

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл күн еліміздегі татулық пен тұрақтылықты дәріптеп, көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын паш ететін ерекше мереке ретінде аталып өтті. Салтанатты жиын барысында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің бастамасы аясында бірқатар үлгілі отбасыларға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шара отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жастарға өнеге боларлық әулеттерді насихаттауға бағытталды. Марапаттау рәсімінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов сөз сөйлеп, отбасы институтын қолдаудағы Ассамблеяның және Аналар кеңесінің рөлін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы – отбасы. Сол себепті біз өнегелі әулеттерді ұлықтап, жас буынға үлгі етуді жалғастыра береміз», – деді.

Шарада бірнеше әулет арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, Түркістан қаласынан қатысқан Үркімбаевтар отбасы «Күміс кереге» атағына ие болды. Ал, «Азамат тәрбиелеген отбасы» аталымы Сайрам ауданынан келген Сатвалдиевтер әулетіне бұйырды. «Алтын шаңырақ» номинациясымен Созақ ауданынан Жамаловтар отбасы марапатталды. Іс-шара этномәдени бірлестіктер мен өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Достық пен татулықты дәріптеген мерекеде этнос өкілдері елді бірлікке шақыратын патриоттық әндер шырқады. Жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйланып, Түркістан аспанында бейбітшілік пен татулықтың үні жаңғырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →