×

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді

Әуе компаниясы қатысушыларға арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Фото: FlyArystan баспасөз қызметі

Қазақстандық лоукостер FlyArystan бүгін Алматыда өткен Орталық Азиядағы еңауқымды жүгіру шарасы – Almaty Marathon қатысушыларына арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды. Аталған марафонға әлемнің 60 елінен келген 16 мың адам қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

FlyArystan-ның марафонмен эксклюзивті серіктестігі еліміздің түрлі аймақтарынан қатысушыларға жарысқа қатысуға мүмкіндік берді. Әуе компаниясы ұсынған промокодты пайдалану деректері бойынша, Almaty Marathon-ға Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Семей, Өскемен және Орал қалаларынан спортшылар келген.

Жүгірушілерді алда 2025 жылғы 26 қазанда өтетін Turkistan Marathon күтуде. Бұл – FlyArystan-ның қатысушыларға жеңілдікпен ұшу мүмкіндігін қайта ұсынатын келесі ірі спорттық шарасы болмақ.

Арнайы промокод Almaty Marathon ұйымдастырушылары тарапынан тіркеуден өткенненқатысушыларға кейін беріледі. Билеттерді жеңілдікпен www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе әуе компаниясының мобильді қосымшасынан төлем алдында промокодты енгізіп, рәсімдеуге болады.

FlyArystan-ның стандартты тиімді тарифі 5 кг дейінгі (56×23×36 см) бір дана қол жүгін және борттағы кездейсоқ орынды қамтиды. Әуе компаниясы жарыс басталатын және аяқталатын орында арнайы стенд орнатып, онда келушілер түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, әуе билеттері мен бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кету керек, FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024  және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Бірінші болу – батылдық» қоры – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шараларының ұйымдастырушысы. Қор өз қызметін 2012 жылы өңірдегі алғашқы ауқымды марафон болып, жүгіру қозғалысының дамуына негіз салған Almaty Marathon-ды ұйымдастырудан басталды. Уақыт өте келе марафон халықаралық деңгейге көтеріліп, бүкіл әлемнен мыңдаған қатысушыларды тартатын шараға айналды. Бүгінде қор жыл сайын  Almaty Marathon, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon және Turkistan Marathon-ды қоса алғанда онға жуық жүгіру жарыстарын  ұйымдастырады. Бұл жарыстарға жыл сайын 62 ел және 418 қаладан шамамен 40 000-ға жуық адам қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →