×

Отбасы - қоғамның ең басты тірегі әрі рухани қайнар көзі

Отбасы - қоғамның ең басты тірегі әрі рухани қайнар көзі

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы орталықта ұйымдастырылған отбасы күніне арналған «Отбасы - бақыт мекені» атты шығармашылық кешінің маңыздылығына тоқталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Отбасы - әр адамның өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Сондықтан біз, Оқушылар сарайы ұжымы, Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Отбасы – бақыт мекені» атты шығармашылық кештің маңыздылығын ерекше атап өтеміз.  Шығармашылық кешіміз жоғары деңгейде өтті. Жас өнерпаздарымыздың әсем әндері мен мың бұралған билері көпшіліктің көңілін көтеріп, жүректерге шуақ сыйлады. Мұндай шаралар жастар мен отбасы мүшелеріне ұлттық дәстүрімізді насихаттап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін ашып, отбасының құндылығын түсінуге көмектеседі. Шығармашылық кеш аясында отбасы туралы жүрекжарды әңгімелер мен әндер арқылы көрерменге жылы лебіздерін жеткізді. Бұл - жастардың отбасы институтына деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырудағы тамаша мүмкіндік. Оқушылар сарайы ретінде біз отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жастардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал етуге бағытталған әрбір бастаманы қолдап, болашақта осындай шараларды одан әрі ұйымдастыруға ниеттіміз», деді Индира Сарқытқызы.

Отбасы - қоғамның ең басты тірегі әрі рухани қайнар көзі. «Отбасы – бақыт мекені» шығармашылық кеші осындай құндылықтарды жастарға жеткізуге, отбасының берекесін арттыруға бағытталған маңызды шара болды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың отбасына деген құрметін қалыптастырып, ұлттық дәстүрімізді сақтауға және дамытуға зор ықпал етеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған жобаларды қолдау - қоғамымыздың тұрақтылығы мен болашағының кепілі болып табылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →