×

Отбасы - бұл тек туыстық байланыс емес, бұл - тәрбие, сенім, махаббат және рухани бірлік мектебі

Отбасы - бұл тек туыстық байланыс емес, бұл - тәрбие, сенім, махаббат және рухани бірлік мектебі

Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» директоры Мария Сартайқызының сөзінше «Отбасын қолдау орталығы» Отбасы күніне орай тағылымға толы бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, орталықтың бастамасымен «Мерейлі отбасы - мәртебелі отбасы» атты өнегелі отбасылармен ашық кездесу, «Отбасы құндылығының негізі» атты мектеп оқушыларына арналған сынып сағаты, «Үлгілі отбасы -ұлт тірегі» атты танымдық бағыттағы кездесулер өткізіледі. Бұл бастамалар отбасылық институтты нығайтуға, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақ бойына отбасына деген құрметті сіңіруге бағытталған.

«Отбасы - бұл тек туыстық байланыс емес, бұл - тәрбие, сенім, махаббат және рухани бірлік мектебі. Біз осы ұйымдастырылып отырған іс-шаралар арқылы қоғамға үлгі болатын отбасыларды насихаттап, жастарға өмірлік өнеге болатын әңгімелер жеткізуді көздейміз. Мектеп оқушыларына арналған сынып сағаттары мен танымдық кездесулерде отбасылық қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін тереңірек насихаттауға басымдық берілуде. Бұл-отбасы институтының беделін арттыруға, оның қоғамдағы маңызын ұғындыруға арналған нақты қадам»,- дейді орталық басшысы.

Бүгінгі таңда отбасы – тек шағын орта ғана емес, ол – тұтас ұлттың болмысын қалыптастыратын үлкен институт. Осыны терең түсінген Түркістан қаласындағы «Отбасын қолдау орталығы» отбасылық тәрбиені насихаттау мен үлгілі өмір сүру үлгілерін таныту бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін орталыққа 500-ден астам отбасы түрлі себептермен өтініш білдірген. Оның ішінде, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мен денсаулық мәселесі, құқықтық және психологиялық кеңес, демеушілік көмекке өтініш, сондай-ақ түрлі оқыту курстарына қатысуға өтінім бергендер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →