×

Түркістанда отбасылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған

Түркістанда отбасылар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған

Түркістан қаласында Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Отбасы қолдау орталығының мобильді топ мүшелерімен бірге әртүрлі отбасылармен жеке кездесулер өткізіліп, профилактикалық әңгімелесу жүргізілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мобильді топ құрамында полиция қызметкерлерімен қатар, психологтар, заңгерлер және әлеуметтік мамандар да бар. Олар отбасылармен ашық форматта пікірлесіп, отбасы мүшелерінің қандай да бір психологиялық қысым немесе тұрмыстық зорлыққа тап болған жағдайда қандай қадамдар жасау керектігі жөнінде нақты кеңестер беріледі. Сондай-ақ, кездесулер барысында балалардың тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі, отбасы ішіндегі рөлдік қатынастар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл - тек құқықтық емес, адамгершілік және тәрбиелік мәні бар маңызды шаралар қатарында.

«Отбасындағы кез келген кикілжің ерте кезеңде анықталып, дұрыс бағытта шешілмесе, ол ұлғайып, ауыр психологиялық жарақаттарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мобильді топтардың отбасылармен жүргізетін профилактикалық әңгімелестері өте маңызды. Бұл кездесулер арқылы біз тек қана құқықтық ақпарат беріп қана қоймай, отбасы мүшелерінің эмоциялық күйін түсініп, қажет болған жағдайда психологиялық қолдау көрсете аламыз. Әр отбасы – ерекше және оған жеке қарау қажет. Мұндай жұмыс отбасының ішкі бірлігін нығайтып, зорлық-зомбылықтың алдын алуға септігін тигізеді», - дейді Түркістан қаласындағы Отбасы қолдау орталығының психолог маманы Ирина Иманбек.

Профилактикалық кездесулер барысында анықталған кейбір отбасыларға «Отбасын қолдау орталығы» тарапынан арнайы психологиялық қолдау көрсетіліп, жағдайды оңалту бағытында жұмыстар басталады. Мамандардың айтуынша, мұндай ерте алдын алу шаралары зорлық-зомбылықтың өршуіне жол бермей, отбасыларды күйзелістен аман алып қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл – қоғамдағы отбасылық тұрақтылық пен адам құқықтарының сақталуына тікелей әсер ететін тиімді тетік.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →