×

Түркістанда отбасылық қауіпсіздікті сақтау бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде

Түркістанда отбасылық қауіпсіздікті сақтау бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде

Түркістан қалалық полиция басқармасы мен «Отбасын қолдау орталығы» мамандарының бірлескен күш-жігерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында білім беру мекемелерінде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы шара аясында Түркістан қаласындағы  2 университет, 5 колледж және 15 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен арнайы кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, «Отбасын қолдау орталығы» мамандары 4 семинар-тренинг ұйымдастырып, жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар берді. Шара барысында 1500-ден астам ақпараттық жадынамалар таратылып, онда «102» және «111» сенім телефондары көрсетілді. Бұл сенім телефондары тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға жедел көмек алуға мүмкіндік береді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек физикалық ғана емес, эмоционалдық және психологиялық әсерлері де өте ауыр. Осындай кездесулер мен тренингтер жастардың бұл мәселеге деген көзқарасын қалыптастыруда, оларды құрбандарды тануға және көмек сұрауға үйретуде маңызды рөл атқарады. Сенім телефондарының жұмыс істеуі – бұл жедел қолдау алудың сенімді және қолжетімді жолы. Сонымен қатар, психологиялық кеңес беру зорлықтың алдын алу мен зардаптарын жеңілдетуде шешуші маңызға ие. Жастарға өз эмоцияларын дұрыс түсініп, қиын жағдайларда көмек сұрауға батылдық беру – біздің басты мақсатымыз», – дейді «Отбасын қолдау орталығының» психологы Нұрболған Әбу.

Осылайша, Түркістан қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу және отбасылық қауіпсіздікті сақтау бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде, бұл қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына септігін тигізеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →