×

Маралдыдағы малдың қырылуы: экологтар нені анықтады

Тұрғындар мал алтын өндірісіне қолданатын цианидтен қырылды ма деп күдіктенеді

Маралдыдағы малдың қырылуы: экологтар нені анықтады
Фото әлеуметтік желіден

Маралдыда малдың қырылуына байланысты жүргізілген тексерістен кейін экологтар су мен топырақтан заңға қайшы жағдай анықтамады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысына қарасты Күршім ауданының Маралды ауылында екі күн ішінде сегіз бұзау өлген. Жергілікті тұрғындар мұны ауыл маңындағы алтын өндіретін фабриканың қызметімен байланыстырып отыр. Олар мал алтын өндірісіне қолданатын цианидтен қырылуы мүмкін деп күдіктенеді.

Экология департаментінің сынақ зертханасы ауыл жанындағы фабрикаға жақын жерден алынған жер үсті суы мен топырақ сынамаларын зерттеп, негізгі көрсеткіштердің нормадан аспағанын мәлімдеді.

«Мұнай өнімдері, аммоний, цианидтер және ауыр металдар (мырыш, мыс, қорғасын, кадмий) белгіленген санитарлық және экологиялық нормалардың шегінде. Магний мөлшері де өңірдің табиғи деңгейіне сәйкес. Тексеру кезінде фабрика жанындағы су көздерінен ластану белгілері табылған жоқ», – делінген департамент хабарламасында.

Сондай-ақ жануарлар қырылған жерден және фабрика аумағынан алынған топырақ сынамалары да рұқсат етілген деңгейден аспаған. Мамандардың айтуынша, Маралды ауылындағы экологиялық жағдай тұрақты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →