×

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
instagram.com/dannakar

Қазақстандық кәсіпкер Данна Қарағұcова тарихқа елімізден ғарышқа турист ретінде ұшқан алғашқы әйел ретінде енбек. Ол америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен жүзеге асатын 36-суборбиталық ұшуға қатысады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Компанияның хабарлауынша, Қарағұсовамен бірге бортта кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негізін қалаушы Аарон Ньюман, украиналық бизнесмен Виталий Островский және аты-жөнін құпия қалдырған тағы бір жолаушы болады.

Instagram парақшасында Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті:

Адамзаттың болашағы ғарышпен тығыз байланысты. Жаңа көкжиектерді игере отырып, біз технологияны дамытамыз әрі өз мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясына қатысу – көп жылдар бойы армандап, еңбектенген жобамның бір бөлігі, - деп жазды ол.

Данна Қарағұсова туралы

Миссия деректеріне сүйенсек, Данна Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және іс-шаралар ұйымдастыру саласында еңбек етіп келеді. Ол Portals атты мультимодальді экожүйенің теңқұрушысы, аталған жоба өнер мен ғылымды цифрлық технологиялар арқылы біріктіреді.Ол бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Сенат пен Мәжілістің экс-депутаты Гүлжан Қарағұсованың қызы.

Кәсіпкерлікпен қатар, Қарағұсова альпинизммен де танымал: ол Килиманджаро мен Эльбрус шыңдарын бағындырған. Оның айтуынша, шыңдарды бағындыру - ішкі күшті сынаудың тәсілі. Енді ол жаңа белеске – ғарышқа қадам баспақ. Қарағұсова ғарышты «сауық емес, адамзат эволюциясының жаңа дәуірін ашатын шекара» деп сипаттайды.

Тарихқа енетін сапар

NS-36 миссиясы New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ші адам қатысқан сапар болмақ. Осы уақытқа дейін Blue Origin ғарышқа 75 адамды, оның ішінде бес мәрте қайта ұшқан жолаушыларды жеткізген.

Ұшырылымның нақты күні әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен онлайн-трансляция BlueOrigin.com сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен YouTube-та жүргізілетіні хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында Қарттар күніне орай «Құрмет» ардагерлер үйі ашылды
01.10.2025ж. 16:48

Түркістан облысында Қарттар күніне орай «Құрмет» ардагерлер үйі ашылды

Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады
Тұрғындар мал алтын өндірісіне қолданатын цианидтен қырылды ма деп күдіктенеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →