×

Қарағандыдағы грек мәдени орталығы 30 жылдығын атап өтті

Грек диаспорасының өкілдері өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүр

Қарағандыдағы грек мәдени орталығы 30 жылдығын атап өтті
Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қарағанды облысы тағы да мәдениеттер тоғысқан ірі орталыққа айналды. Мұнда екі күнге жалғасатын республикалық грек мәдениетінің фестивалі басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарағанды грек мәдени орталығы PONTOS-тың 30 жылдық мерейтойы еліміз үшін тарихи мәнге ие күн – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Бұл – көпұлтты мемлекетіміздегі бірлік, достық пен өзара сыйластық қағидаттарының айқын дәлелі.

Мерекелік шара Қарағандыдағы Достық үйінде өтті. Оған еліміздің әр өңірінен грек этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтардың жетекшілері, жастар мен ардагерлер қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстандағы Грекия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Эфталия Какиопуло, сондай-ақ Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығы «Филияның» төрағасы Иван Георгиади болды.

Іс-шараның модераторы облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей болды.

Ол өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді нығайтып, мәдениеттер диалогына кең алаң ашқанын атап өтті.

“Әрбір халықтың мәдениеті елдің ортақ рухани байлығын толықтыра түседі. Бұл – тарих дәлелдеген ақиқат”, – деді ол.

Фестиваль қатысушылары PONTOS орталығының әлеуметтік және ағартушылық жобаларға қосқан айрықша үлесін ерекше атап өтті.

 – Отыз жыл ішінде PONTOS орталығы жас ұрпаққа туған тілін, мәдениеті мен дәстүрін қадірлеуді үйретіп қана қоймай, Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілікті сіңіретін нағыз мектепке айналды, – деді Марат Әзілханов.

Грекия елшісі Эфталия Какиопуло да орталықтың рөлін жоғары бағалап, оны Қазақстан мен Грекия арасындағы достықтың символы деп атады. 

“Бұл орталық грек қауымының тілі мен дәстүрін сақтап қана қоймай, халықтар арасындағы достықты нығайтып отыр”, – деді ол.

Грек диаспорасының өкілдері өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Мәселен, кәсіпкер Иван Георгиади туған Теміртау қаласының дамуына қомақты үлес қосты. Білім саласында философ-ғалым Иван Папондопулоның есімі белгілі болса, медицинада дәрігерлер әулетінің жалғасы – хирург Анастас Касапиди кеңінен танымал.

Этносаралық келісімді нығайтуға атсалысқан грек орталығының белсенділері мен қоғам қайраткерлері арнайы марапатталды.

Фестиваль Теміртау мәдениет сарайында өтетін мерекелік концертпен өз мәресіне жетпек.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Кеше, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →