×

«Көпбалалы отбасылар үлкен қалаға келе алмай жатыр»: Айдос Сарым құрылыс саясатын сынға алды

Депутат оған көп бөлмелі пәтердің аздығы себеп екенін айтты

«Көпбалалы отбасылар үлкен қалаға келе алмай жатыр»: Айдос Сарым құрылыс саясатын сынға алды
Фото әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елдегі құрылыс саясаты мен демографиялық бағыттың өзара үйлеспей отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі тұрғын үй құрылысы халықтың шынайы сұранысына сай емес, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен арнайы статистиканы қарадым. Бұрын, 15–20 жыл бұрын 2-3 бөлмелі пәтерлер басым салынса, қазір қалаларда салынып жатқан үйлердің жартысы — 1 және 2 бөлмелі пәтерлер. Соңғы он жылда бір бөлмелі пәтерлердің үлесі күрт артқан. Ал мұндай жағдайда көпбалалы отбасылардың қалаға келіп, пәтер алу мүмкіндігі төмен», — деді депутат.

Айдос Сарымның пікірінше, құрылыс компанияларына нақты бағыт беру қажет:

«Мемлекет тарапынан «қалаларға көп бөлмелі пәтерлер көбірек керек» деген нақты сигнал болуы тиіс. Мүмкін, компанияларға белгілі бір жеңілдіктер ұсыну керек шығар. Өйткені қазір көпбалалы отбасыларды қала шетіндегі жер үйлерге ығыстырып, өңірлерге көшуге мәжбүрлеп отырмыз. Құрылыс саясаты демографиялық саясатпен қатар жүруі керек», — деді ол.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев депутаттың ұсынысын қолдады.

 «Онда біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, осы бағыттағы нормативтік тетіктерді қарастырайық», — деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен өзара байланысты нығайту бағыттарын талқылады
Кеше, 19:43

Аида Балаева ҮЕҰ өкілдерімен өзара байланысты нығайту бағыттарын талқылады

ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →