×

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады

Вице-министр азаматтарды Кореяның көші-қон заңдарын сақтауға шақырды

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: ЖИ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Сенат кулуарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Асқарбек Ертаев заңсыз жүрген азаматтардың елден шығарылып, қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.

"Оңтүстік Кореяның көші-қон заңнамасын сақтаған дұрыс. Егер адам заңсыз жұмыс істеп жүрсе, біздің ұсыным: ол Кореядан шығып, Қазақстанда келісім аясында оқудан өтіп, кейін сол елде ресми түрде жұмысқа орналасуы қажет", – деді ол.

Оның айтуынша, елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.

"Тек кету кезінде азаматтың заңсыз жүргені тіркеледі. Бұл мәлімет базаға енгізіледі. Яғни, ол Қазақстан азаматы заңсыз жүрген тұлға ретінде белгіленеді. Бірақ шығуға шектеу жоқ", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар заңсыз жүргендерге қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады.

"Легалды жұмыс істейтін азаматпен еңбек шарты жасалады. Ол бойынша көлікпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, сақтандыру және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұған қоса, жалақысы да әлдеқайда жоғары. Сондықтан заңды жолмен жұмыс істеу әлдеқайда тиімді", – деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Оның ішінде 11 мыңы Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр. Осы мәселені реттеу  үшін Корея тарапы біздің азаматтарды заңдастыруға бірқатар талап қойған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада 320 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Бүгін, 11:19

Қызылордада 320 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты
ХІІ Азаматтық форум қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті
Алматы мәдениеттің жаңа форматтағы елдің рухани жүрегі ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →