×

Қазақстан халқы 2027 жылға дейін 100% интернетпен қамтылады

Вице-премьер осылай деп мәлімдеді

Қазақстан халқы 2027 жылға дейін 100% интернетпен қамтылады
gov.kz

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев елде интернет желісінің қолжетімділігі едәуір артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам қаражат құйылып, соның нәтижесінде еліміздегі интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с-қа дейін өскен.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы 2024–2027 жылдарға арналған. Оның аясында 2027 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының барлығы интернетпен қамтылатын болады. Байланыс жылдамдығы 100 Мбит/с-тен асады, ал талшықты-оптикалық инфрақұрылым ауылдық елдімекендердің 90 пайызына дейін жеткізіледі, – деді Жаслан Мадиев.

Министрдің мәліметінше, 2026 жылдың соңына дейін тағы 3 мың ауылға оптикалық желі жүргізу жоспарланған. Осылайша, 2027 жылға қарай елді мекендердің 90 пайызы талшықты байланысқа қосылады. Бұл бағыттағы инвестиция көлемі шамамен 323 млрд теңгені құрайды. Ал интернетке қосылмаған шағын ауылдарға спутниктік байланыс орнатылады.

Сондай-ақ вице-премьер мобильді байланыс сапасы мен қамту деңгейі де артатынын атап өтті. Мысалы, 4G желісі ел бойынша елді мекендердің 92 пайызына дейін жетеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Азаматтарда басқа таңдау да болуы керек»: Нартай Аралбайұлы ақылы жолдар мен Жаңа Конституция жайлы сөз сөйледі
Бүгін, 13:25

«Азаматтарда басқа таңдау да болуы керек»: Нартай Аралбайұлы ақылы жолдар мен Жаңа Конституция жайлы сөз сөйледі

Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты
Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Депутат жүргізушілер 8 сағаттан артық 12 сағат жұмыс істесе, Яндекс жауап беруі керек деп санайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →