×

Бензин бағасына қойылған мораторий қашан аяқталады

Мораторий 16 қазанда енгізілген еді

Бензин бағасына қойылған мораторий қашан аяқталады
РИА Новости / Алексей Сухоруков

Қазақстанда АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын өсіруге тыйым салу кем дегенде 2026 жылдың көктеміне дейін жалғасады. Бұл туралы вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілістегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің сөзінше, мораторийдің мерзімін ұзарту шешімі нарықты тұрақтандыру және бағаның күрт өсуіне жол бермеу мақсатында қабылданған.

– Мораторий кемінде келесі жылдың көктеміне дейін күшінде болады. Алдымен көрші елдердегі жағдайдың тұрақтануын күтуіміз керек. Біз баға айырмасын қысқартуға тырысқанымызбен, ол қайтадан артып отыр. Бұған екі негізгі фактор әсер етеді: айырбас бағамының өзгеруі және кейбір көрші мемлекеттерде жанармай тапшылығының туындауы. Ал тапшылық бағаны қымбаттатады, – деді Жұманғарин.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұған дейін мораторий инфляция деңгейі «қолайлы шекке» түскенше сақталады деп мәлімдеген болатын.

Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда жанармай бағасы мемлекеттік реттеу аясында ұсталып отыр, ал көрші елдерде мұндай механизм жоқ.

– Бізде баға саясаты мен салалық реформалар ашық талқыланады, бірақ басқа мемлекеттерде бұл үдерістердің ашықтығы төмен. Бұл да баға тұрақтылығына әсер етеді, – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Азаматтарда басқа таңдау да болуы керек»: Нартай Аралбайұлы ақылы жолдар мен Жаңа Конституция жайлы сөз сөйледі
Бүгін, 13:25

«Азаматтарда басқа таңдау да болуы керек»: Нартай Аралбайұлы ақылы жолдар мен Жаңа Конституция жайлы сөз сөйледі

Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты
Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Депутат жүргізушілер 8 сағаттан артық 12 сағат жұмыс істесе, Яндекс жауап беруі керек деп санайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →