×

FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады

Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті

 

FlyArystan Turkistan Marathon-мен 2025 жылғы жүгіру маусымын аяқтады
Фото: пресс-служба FlyArystan

FlyArystan лоукостері Қазақстанның рухани астанасында өткен Turkistan Marathon жарысының ресми әуе серіктесі болды. Іс-шараға орай әуекомпаниясы дәстүр бойынша марафон қатысушыларына – арнайы промокод арқылы әуебилеттеріне 30% жеңілдік ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жыл бойы FlyArystan еліміздегі ең ірі жүгіру жобасы – Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті. Ерекше серіктестік аясында әуекомпаниясы Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon, Almaty Marathon және Turkistan Marathon жарыстарына қатысушыларға арнайы тарифтер ұсынып, Қазақстан өңірлерін байланыстыруға және мыңдаған жүгіру жанкүйерлерін шабыттандыруға үлес қосты.

«Turkistan Marathon сияқты бастамалар біздің саяхаттауды қолжетімді етіп, адамдарды жаңа көкжиектерді ашуға шабыттандырудағы миссиямызды айқын көрсетеді. «Бірінші болу – батылдық» қорымен серіктестігіміз – белсенді өмір салтын және ішкі туризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға ұмтылысымызды көрсетеді. Бұл – біздің осы құндылықтарды бөлісетін адамдарға деген ризашылығымыздың белгісі. Әсіресе, FlyArystan үжымының жүгіруге әуес қызметкерлері елдің түкпір-түкпірінен келген қатысушылармен бірге осы спорттық мерекенің рухын сезінгені ерекше қуантады», – деді "FlyArystan” АҚ президенті Ричард Леджер.

Алматы, Астана және басқа қалалардан келген спортшылар маусымның соңғы марафонына қатысу үшін Түркістанға ыңғайлы әрі тиімді ұшып келді. Биылғы шараға 20-дан астам елден 3000-ға жуық жүгіруші қатысты. Марафон аясында FlyArystan өз бренд аймағын ұйымдастырып, қонақтарға интерактивті белсенділіктерге қатысу және фирмалық сыйлықтарға ие болу мүмкіндігін ұсынды.

Айта кетейік, FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз эксплуатант сертификатын алып, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен рейстер орындайды. FlyArystan кең ауқымды маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Бірінші болу – батылдық» қоры – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шараларының ұйымдастырушысы. Қор өз қызметін 2012 жылы өңірдегі алғашқы ауқымды марафон болып, жүгіру қозғалысының дамуына негіз салған Almaty Marathon-ды ұйымдастырудан басталды. Уақыт өте келе марафон халықаралық деңгейге көтеріліп, бүкіл әлемнен мыңдаған қатысушыларды тартатын шараға айналды. Бүгінде қор жыл сайын  Almaty Marathon, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon және Turkistan Marathon-ды қоса алғанда онға жуық жүгіру жарыстарын  ұйымдастырады. Бұл жарыстарға жыл сайын 62 ел және 418 қаладан шамамен 40 000-ға жуық адам қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Кеше, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →