×

ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек

Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген

ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімдігінде Өскемендегі экология мәселесі бойынша жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Баяндама жасаған ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Арман Есентаевтың айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында мониторинг жүйесі алынбақ. Мемлекеттік сатып алу порталында құны 498,5 млн теңге болатын жүйені сатып алу туралы хабарландыру жарияланған. Келісімшарт қол қою кезеңінде тұр.

«Экология департаментін мобильді зертханамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бұл мақсатта «Халық банкі» АҚ мен «Топан» ЖШС арасында осы жылдың 17 шілдесінде құны 65,5 млн теңге болатын арнайы жабдықталған ГАЗель базасындағы экологиялық мониторинг жүргізуге арналған жылжымалы станция сатып алуға келісімшарт жасалды. Қажетті төлемдер толық жүргізіліп, қазір станция жинақталу сатысында. Қараша айында Өскеменге жеткізіледі деп жоспарланып отыр», – деді А.Есентаев.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспарда барлығы 27 шара қарастырылған.

Сондай-ақ жиын барысында қала әкімінің орынбасары Ирина Смит, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының жетекшісі Елена Березинская-Абилова атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті. 

«Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеу керек. Халыққа дер кезінде ақпарат таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер», – деп тапсырды Нұрымбет Сақтағанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Кеше, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →