×

Алматыдағы ірі сауда желілері азық-түлік бағасын көтермеуге келісті

Алматыдағы ірі сауда желілері азық-түлік бағасын көтермеуге келісті
Ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімдігі мен ірі сауда желілері Magnum, Small және Toimart арасында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Құжатқа сәйкес, аталған ритейлерлер жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан асырмауға міндеттенді.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында өнімдер отандық өндірушілерден тікелей жеткізіледі.

Атап айтқанда:

  • тауық еті – «Алатау-Кус», «Отан Грин Фуд», «Наурыз Агро» компанияларынан;
  • бірінші санаттағы жұмыртқа – «Сары-Бұлақтан»;
  • күріш – «Асыл Дәннен»;
  • қант – «КаистИнвест» кәсіпорнынан жеткізіледі.

Қала әкімдігі мен ритейлер өкілдері бұл шара тұрғындар үшін азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек
Бүгін, 14:45

ШҚО-да ауа сапасы нашарлаған кезде жедел шаралар қабылдау үшін тиісті алгоритм әзірленбек

Қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы іс-шаралар жоспары әзірленген
Almaty Marathon-ның ресми серіктесі ретінде қолдау көрсетті  
Саябақта серуен жолдары, демалыс аймақтары, сахна және ашық алаңдар қарастырылған
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →