Биыл қазақстандықтар арасында ұлтын өзгертуге өтініш бергендер саны артып отыр
Биыл қазақстандықтар арасында ұлтын өзгертуге өтініш бергендер саны артып отыр. 2025 жылдың басынан бері Ішкі істер министрлігіне азаматтардың ұлтын өзгертуіне байланысты жеке куәлік пен паспорт алу үшін 2272 өтініш түскен, деп хабарлайды Qaz365.kz Data Hub-қа сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, аптасына орта есеппен 58 адам ұлтын өзгерту туралы шешім қабылдаған.
Ең көп өтініш Алматыда тіркелген: әр 10 мың тұрғынға шаққанда шамамен 2,5 формулярдан келеді. Астанада бұл көрсеткіш екіге жуық.