×

Атырауда Алтын, Күміс, Гауһар той иелері мен жас жұбайлар марапатталды

Мерейтой иелерінің қатарында Жылыой ауданынан Сауытовтар, Индер ауданынан Азановтар (Гауһар той), Атырау қаласынан Сағынаевтар, Мақат ауданынан Исмағұловтар, Қызылқоға ауданынан Манғұровтар (Алтын той), сондай-ақ Исатай ауданынан Әбішевтер, Махамбет ауданынан Мұқашевтар және Құрманғазы ауданынан Ерекешовтер (Күміс той) отбасы бар

Атырауда Алтын, Күміс, Гауһар той иелері мен жас жұбайлар марапатталды

Атырауда Гауһар, Алтын, Күміс той иелері мен жас отбасыларға айрықша құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов мерейтой иелерімен және жас жұбайлармен кездесіп, оларға облыс әкімінің атынан құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Qaz365.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге өңірдің әр ауданынан он екі отбасы қатысты. Дарын Шамұратов жұбайларды атаулы мерекелерімен құттықтап, отбасының қоғамдағы орны мен маңызын атап өтті.

– Отбасы – қоғамның берік іргетасы. Әр шаңырақтағы өзара сыйластық пен сүйіспеншілік – өңірдің де, елдің де тұрақтылығының кепілі. Сіздер салып кеткен өнегелі жол – жас буын үшін үлкен тәрбие мектебі, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Мерейтой иелерінің қатарында Жылыой ауданынан Сауытовтар, Индер ауданынан Азановтар (Гауһар той), Атырау қаласынан Сағынаевтар, Мақат ауданынан Исмағұловтар, Қызылқоға ауданынан Манғұровтар (Алтын той), сондай-ақ Исатай ауданынан Әбішевтер, Махамбет ауданынан Мұқашевтар және Құрманғазы ауданынан Ерекешовтер (Күміс той) отбасы бар.

Бүгінде Атырау облысында 29 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 3826, «Күміс алқа» иегерлері – 6363, «Ана даңқы» орденімен марапатталған 200 және «Ардақты ана» атағын алған 322 әйел бар.

Сонымен қатар 6 мыңға жуық ана бала тууына байланысты жәрдемақы алып отыр, ал 4,5 мың отбасы мүгедек бала тәрбиелегені үшін мемлекеттік қолдауға ие.

Шара отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға бағытталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай 100 келілік торт қайырымдылық мақсатта таратылды
Кеше, 18:16

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай 100 келілік торт қайырымдылық мақсатта таратылды

Басты мақсат – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін сезіндіру 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →