×

Балғын өнімдер мен қолжетімді баға: Алматыда апта сайынғы фермерлік жәрмеңкелер өтіп жатыр

Көптеген тұрғын жәрмеңке демалыс күндері сауда жасап, өнім алатын жерге айналғанын айтады

Балғын өнімдер мен қолжетімді баға: Алматыда апта сайынғы фермерлік жәрмеңкелер өтіп жатыр
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әр демалыс сайын Алматы тұрғындары өңірлерден келген табиғи өнімдерді делдалсыз, орташа нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мұндай жәрмеңкелерінің басты мақсаты — қала тұрғындарын сапалы, табиғи таза өніммен қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өнімін тікелей ұсынуға мүмкіндік жасау.

Бүгін Қазыбек би көшесінде, Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысының фермерлері өнімін ұсынды. Сауда сөресінде ет пен сүт өнімдерінің, бал мен көкөністің, табиғи биоқоспалардың алуан түрі көздің жауын алады. Таңнан бері мұнда қарбалас: сатып алушылар кезекке тұрып, сөмкелерін толтырып, көлігіне жаңа өнімдер тиеп әкетіп жатты.

Катонқарағай өңірінің табиғи өнімдері — бал, гүл тозаңы, прополис, пантокрин және бал тұнбалары ерекше қызығушылық тудырды.

«Біз бал, тозаң, прополис алып келдік. Халық қызығушылық танытып, сұрап, дәмін татып көреді де, қуана сатып алады. Әсіресе, бал тозаңына сұраныс көп, ол иммунитетті көтереді. Тұтынушымен тікелей жұмыс істеген жақсы», — дейді омарташы Сергей.

Сондай-ақ, сүт өнімдеріне де сұраныс жоғары болды. 

«Сары май, қаймақ, құрт, қымыз — бәрі жақсы өтіп жатыр. Алматылықтар сапалы өнімді бірден біледі. Жарты күнге жетпей өнімнің көбі сатылып кетті», — дейді Аягөз ауданынан келген фермер Ләззат Мұсаева.

Көптеген тұрғын жәрмеңке демалыс күндері сауда жасап, өнім алатын жерге айналғанын айтады. 

«Мұнда әрқашан жаңа сойылған ет, бауыр, бал табуға болады. Бағасы базарға қарағанда төмен, өнімдері таза әрі дәмді. Біз осында әр апта сайын келеміз», — дейді Марина Матхамова.


Көпшілік қыстық азығын қамдап алу үшін жүксалғышты босатып, арнайы сөмке, контейнерді алдын ала дайындалып әкеліп, сауда жасайды.

«Біз мұнда тұрақты түрде келеміз. Ет, бал, көкөніс алып, қысқа сақтаймыз. Бұл әрі тиімді, әрі сенімді. Ең бастысы, өнімнің қайдан келгенін нақты білесің», — дейді Лаура мен Дмитрий Федотовтар.


Кейбіреулер өнімді бірден көп көлемде сатып алуды жөн көреді. 

«Шығыс Қазақстанның балы - ең сапалы балдың бірі. Бірнеше құтысын 2000 теңгеден алдық, өте тиімді баға. Көкөніс, картоп, пияз да арзан. Мұндай жәрмеңкелер халыққа үлкен көмек қой», — дейді Шынар мен Гүлжамал Шәріпқызы.

Фермерлік жәрмеңкелер — қала тұрғындарына табиғи өнім өндірушінің өзінен, тиімді бағамен сапалы әрі сенімді тауар алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл бастама тиімділігін дәлелдеп, жыл сайын дамып келеді, қатысушылар мен сатып алушылардың қатары артып келеді.

Алматыда фермерлік жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері өтіп, сапалы өнімдерді тиімді бағамен ұсынады. Бұл өндіруші мен тұтынушы арасындағы сенімді қарым-қатынасқа негізделген заманауи формат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде ауқымды үш ірі жобаның құрылысы басталды
Кеше, 18:25

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жобаның құрылысы басталды

Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда
Бұл нысан облыс әкімінің тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында салынған
Биыл қазақстандықтар арасында ұлтын өзгертуге өтініш бергендер саны артып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →