×

Жетісу университетінде Ассамблея жастарының төрағасы жастармен кездесті

Жетісу университетінде Ассамблея жастарының төрағасы жастармен кездесті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаевтың қатысуымен өңірдің белсенді жастары және студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара Ғ.Орманов атындағы кітапхананың коворкинг кабинетінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие мен этносаралық келісім құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ көшбасшылық қабілеттер мен қоғамдық жауапкершілікті дамыту.

Тимур Джумурбаев жастарға арнаған сөзінде қазіргі қоғамдағы белсенді ұрпақтың рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әрбір жас ел дамуына үлес қосуға ұмтылуы тиіс:

«Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Әрбір жас азамат өзінің әлеуетін елдің өркендеуіне бағыттай алса, бұл – біздің ортақ жетістігіміз», – деді ол.

Кездесу барысында жастар саясаты, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, сондай-ақ жастар бастамаларын қолдау бағыттарында пікір алмасу өтті. Студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері өздерінің жаңа идеяларын ұсынып, өңірде жүзеге асыруға болатын жобалар жөнінде ұсыныстар білдірді.

Шара жастардың ел болашағына деген сенімін арттырып, жаңа бастамалар мен тың идеяларға жол ашқан мазмұнды диалог алаңы болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті
23.03.2026ж. 17:35

Қызылордада «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтті

Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазарту жұмыстарына 16 мыңнан астам адам қатысты
Игі іске өңір жастары белсенді атсалысты
«Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →