Журналистика саласындағы үздіктер анықталды
Астанада баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік мамандарды анықтайтын «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Биыл байқауға 400-ден астам өтініш келіп түсті. Соның ішінде 44 үміткер шорт-листке енді. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталды, олардың қатарында «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік репортаж», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік журналистік зерттеуі», «Үздік жаңалықтар порталы», «Жылдың үздік YouTube-арнасы» сынды аталымдар бар.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Биылғы «Үркер – 2025» жеңімпаздарының тізімі:
Сонымен қатар арнайы марапаттар табысталды:
Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылған. 133 журналист ұлттық марапатқа лайық деп танылған.