×

Алматылық жол мамандары сенбілік өткізді

Сенбілік барысында бірнеше түп қарағай ағашы отырғызылды

Алматылық жол мамандары сенбілік өткізді
Фото: Жол активтері сапасының ұлттық орталығы

Президент бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы да белсене атсалысты. Филиал ұжымы бірігіп, кең ауқымды сенбілік ұйымдастырды, хабарлайды Qaz365.kz.

Бір кісідей ұйысып, жұдырықтай жұмылған мамандар аула аумағын қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына кірісті. Сенбілік барысында бірнеше түп қарағай ағашы отырғызылды.

Филиал директоры Мақсат Мұқановтың айтуынша, мұндай шаралар тек қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, ұжымдағы ұйымшылдық пен жауапкершілік сезімін арттыруға да ықпал етеді:

“Тазалық – мәдениеттің өлшемі. Біз тек жол сапасын бақылап, техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етумен шектелмейміз. Қоршаған ортаға қамқорлық — әр азаматтың парызы. Осындай сенбіліктер арқылы табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қосып келеміз”, – деді ол.

Айта кету керек, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы бұған дейін де бірнеше рет тазалық акцияларын өткізген. Мәселен, биылғы тамыз айында ұжым Алмаарасан шатқалында сенбілік ұйымдастырып, табиғи аймақтың тазалығына ерекше мән берген болатын.

Жол сапасын қадағалап қана қоймай, қоғамдық және экологиялық істерде де белсенділік танытып жүрген бұл ұжымның бастамасы – көпке үлгі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →