×

Қызылорда халқы Президент бастамаларына қолдау білдірді

Қызылорда халқы Президент бастамаларына қолдау білдірді

Қызылорда облысының тұрғындары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларын толық қолдайтындарын білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар жобалардың жүзеге асу барысымен танысқан болатын.

Сапар барысында Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси жағдай, су тапшылығы мәселесі, жастар тәрбиесі және жасанды интеллект дәуірінде жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жөнінде маңызды ойларын бөлісті. Президенттің бұл бағыттағы пайымдары Сыр өңірі жұртшылығында кең қолдау тапты.

Әсіресе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда қаласында Астана мен Алматыдағыдай тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхана салу туралы бастамасы аймақ тұрғындарының ерекше қуанышына бөленді.

«Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары», – деген Мемлекет басшысының бағасы Сыр халқының еңбегіне берілген үлкен сенім ретінде қабылданды.

Сапардан кейін қызылордалықтар Президентке алғыс хатын жолдап, елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған саясатына ризашылықтарын білдірді.

«Сізге барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз. Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларыңызды қолдаймыз! Тәуелсіз еліміздің дамуына бағытталған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сарқылмас жігер тілейміз!» – делінген хатта.

Қолдау хатына өңірдің Еңбек Ерлері, ардагерлер мен әйелдер кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңес пен зиялы қауым өкілдері, азаматтық қоғам мен жастар ұйымдары қол қойған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →