×

Алматыда Торайғыров көшесі жаңа кейіпке енді

Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі 2,5 гектарды құрайды

Алматыда Торайғыров көшесі жаңа кейіпке енді
Алматы әкімдігі

Алматының Бостандық ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Торайғыров көшесінің Саин көшесінен Кекілбайұлы көшесіне дейінгі бөлігінде кешенді көркейту жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі 2,5 гектарды құрайды. Бұл жерде тұрғындардың жайлы демалысы мен қауіпсіздігіне бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жаңарту жүргізілді.

Жоба аясында:

  • энергия үнемдейтін шамдары бар 220 жарық тірегі орнатылды;

  • 70 орындық және 110 қоқыс жәшігі қойылды;

  • 200 ағаш, 1 500 бұта және 8 200 шаршы метр көгал егілді;

  • 6 500 шаршы метр аумаққа веложол салынды;

  • қауіпсіз жабыны бар балалар мен спорт алаңдары жасақталды;

  • ұзындығы 10 000 метр болатын автоматты суару жүйесі орнатылды;

  • демалыс аймақтарына перголалар мен әткеншектер қойылды.

Көгалдандыру мен жарықтандыру жұмыстары қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан.

Бостандық ауданы әкімдігі мәліметінше, биыл ауданда 26 абаттандыру жобасы қолға алынған. Олардың қатарында тұрғындарға арналған жаңа қоғамдық кеңістіктер мен демалыс аймақтары да бар.

Жобаның басты мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру және Алматыны жайлы әрі экологиялық таза қалаға айналдыру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →