×

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

Шамамен 2 тоннадай макулатура жиналды

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу ауданының комьюнити орталығында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында «Қағаз boom» экологиялық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды бөлек жинау дағдысын қалыптастыру және тұрғындардың экосанасын арттыру.

Аудан тұрғындары, жастар мен студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газеттерді, журналдарды, картон мен кеңсе қағаздарын тапсырды. Шамамен 2 тонна макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.

«Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы – қоғамда экологиялық мәдениеттің өсіп келе жатқанын, азаматтардың экология мәселесіне жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Біз экологиялық бастамаларды одан әрі дамытып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға тартуды жалғастырамыз», – деді Жетісу ауданы комьюнити-орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →