×

Жұмысшы мамандықтары жылы: Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге 70-тен астам жұмыс беруші қатысты

Жұмысшы мамандықтары жылы: Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Оқушылар сарайында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық прокуратураның бірлесуімен, Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, хабарлайды Qaz365.kz

Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беру. 

Жәрмеңкеге құрылыс, өнеркәсіп, білім беру, медицина және басқа да салалар бойынша 1 247 жұмыс орнына 221 бос жұмыс орнын ұсынған 70-тен астам жұмыс беруші қатысты. 

Жәрмеңкеге келгендер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес алды. Әсіресе, сұранысқа ие мамандықтарды меңгергісі келетін азаматтарға кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламаларына ерекше назар аударылды

Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға, еңбек әлеуетін арттыруға және жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Төрт жолақты Алматы-Шымкент күрежолы толық іске қосылды
Кеше, 16:09

Төрт жолақты Алматы-Шымкент күрежолы толық іске қосылды

«Ұзынағаш – Отар» тасжолы пайдалануға берілді
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген.
Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі 2,5 гектарды құрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →