×

Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды

Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды
Ақорда

Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойды. Құжат елімізде жасанды интеллект технологияларын дамыту мен қолданудың құқықтық және этикалық негізін айқындайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген. Енді жасанды интеллект – адамның белгілі бір міндеттерін орындауға көмектесетін ақпараттық құрал ретінде қарастырылады.

Құжатта жүйелердің иелері мен пайдаланушыларына қатысты жауапкершілік және бақылау нормалары белгіленді. Әр тарап өз рөліне сәйкес қауіпсіздік, сенімділік және тәуекелдерді басқару шараларын қамтамасыз етуге міндетті.

Бұған қоса, заңда заңдылық, әділдік, теңдік, ашықтық, деректердің құпиялылығын сақтау және адам игілігін басымдыққа қою қағидалары бекітілген.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында жеке деректерді заңсыз жинауға немесе манипуляция жасауға арналған жасанды интеллект жүйелерін құру мен қолдануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен жасалған тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар ажырата алуы үшін арнайы таңбалау талабы енгізілді.

Жаңа заң аясында ұлттық жасанды интеллект платформасын құру көзделіп отыр. Ол белгілі бір мерзім ішінде бағдарламалық өнімдер мен жасанды интеллект модельдерін әзірлеу, оқыту және сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Заңның толық мәтіні жақын уақытта ресми баспасөзде жарияланатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Ақтау – Дубай бағытына әуебилеттерге жеңілдік жариялады
Бүгін, 11:46

FlyArystan Ақтау – Дубай бағытына әуебилеттерге жеңілдік жариялады

Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
«Ұзынағаш – Отар» тасжолы пайдалануға берілді
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →