×

«Манипуляцияға берілмеңіз»: белсенділер Әшімбаевқа ЛГБТ-ға қатысты үндеу жолдады

«Манипуляцияға берілмеңіз»: белсенділер Әшімбаевқа ЛГБТ-ға қатысты үндеу жолдады
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде бір топ белсенді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа үндеу жолдап, ЛГБТ-насихатқа қатысты түзетулерді қолдауды сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белсенділердің айтуынша, соңғы уақытта ЛГБТ-активистер мемлекеттік институттарға ықпал етуге және «теріс идеологияны» қоғамға таңуға бағытталған ақпараттық шабуыл жүргізіп отыр.

«Құрметті Маулен Сағатханұлы! Бүгін белгілі бір ЛГБТ-активист өз үндеуін жолдап, ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етті. Осыған орай, барлық ата-аналардың, жастардың, елге бей-жай қарамайтын азаматтардың және Қазақстан патриоттарының атынан Сізді ЛГБТ-қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырамыз», - деді белсенді Бағила Балтабаева. 

Балтабаева жас ұрпаққа ықпал ету әрекеттеріне ерекше алаңдаушылық білдірді.

«Балаларды қорғауға арналған орынды шектеулерді олар әдейі «қудалау» немесе «құқық бұзу» деп көрсетеді, өздерін «жәбірленуші» ретінде танытады. Бұл – жалған әрі арандату! Эмоциялық қысым көрсету, көпшілік алдында өз пайдасына ойнау, мән-мағынаны бұрмалау және балалардың санасына еркін жол ашуға ұмтылу – олардың әрекетінің негізгі сипаты. Қандай ақпараттық шудың күші болмасын, Сізді осы манипуляцияларға берілмеуге шақырамыз», – дейді белсенділер.

Сондай-ақ олар Қазақстанның құқықтары құрметтелетін мемлекет екенін атап өтіп, ұсынылған түзетулер ешбір азаматтың құқығын шектемейтінін айтты.

«Қазақстан – әр адам жеке өміріне, қадір-қасиетіне және қауіпсіздігіне құқылы ел. Бірақ мемлекет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл түзетулер ешкімді кемсіту емес, қоғамды қорғау үшін қажет», – деді Балтабаева.

Белсенділер Сенат төрағасынан ЛГБТ-насихатты шектеуге бағытталған түзетулерді қолдауды, ақпараттық және эмоциялық қысымға берілмеуді және қандай жағдайда да табанды ұстаным көрсету жайлы сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →