×

Алдағы жеті жылда электр энергиясының бағасы өспейді

Алдағы жеті жылда электр энергиясының бағасы өспейді
gov.kz

Елімізде алдағы жеті жыл бойы электр энергиясының бағасы өспеуі мүмкін. Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясының шекті тарифтерін бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатта тарифтер 2025 жылғы деңгейде сақталады деп көрсетілген. Яғни, 2032 жылға дейін электр энергиясының құны өзгеріссіз қалады.

Министрліктің мәліметінше, бұл шешім 2025 жылғы 8 қазанда өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырма аясында қабылданған және макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мен халыққа түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған.

Тарифтер 2026 жылдың басынан бастап күшіне енуі тиіс. Қазіргі таңда жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 17 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік алудың жаңа жолы: автолизинг бағдарламасы ресми түрде іске қосылды
Кеше, 11:42

Көлік алудың жаңа жолы: автолизинг бағдарламасы ресми түрде іске қосылды

Бағдарлама қазақстандықтарға жаңа көлік сатып алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған
Тұрғындар емхананың алыстығы, жаңа қоғамдық кеңістіктерді құру, т.б мәселелерді көтерді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →