×

Тоқаев әскерилердің қаза табуына жол бермеуді тапсырды

Тоқаев әскерилердің қаза табуына жол бермеуді тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі және өзге де әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері талқыланған кеңес өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов баяндама жасап, әскерилер арасында тәртіпті сақтау және тәрбие жұмысын күшейту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Кеңес барысында Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Президент заң мен тәртіпті сақтауға, тәрбие жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу үшін қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →