×

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
pixabay

Қазақстанда интернеттегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған заңнамалық үлкен өзгерістер әзірленіп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар, медиа және контент өндірушілерге қатысты жаңа талаптарды қамтитын заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоба бойынша ең көп талқыланып жатқан жаңалықтардың бірі – 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларға тіркелуіне шектеу қою. Тек мессенджерлерге тіркелуге рұқсат етіледі.

Онлайн-платформаларға жаңа талаптар

Заң жобасы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ірі онлайн-платформаларға міндетті түрде өкілдік ашуды және ресми тіркеуден өтуді талап етеді. Бұл шара мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар:

  • аудиовизуалды сервистерді реттеу,

  • шетелдік арналарды заңдастыру және лицензиялау,

  • заңсыз контент үшін жауапкершілікті күшейту
    сияқты нормалар енгізіледі.

Заң жобасында алғаш рет онлайн-кинотеатр ұғымы енгізіліп, олардың жұмысы құқықтық өріске енгізіледі.

Медиа мен мемлекеттік органдар үшін жаңа ережелер

Бұдан былай редакциялар мемлекеттік органнан алынған ресми жауаптарды міндетті түрде арнайы белгімен көрсетуі тиіс.
Ал жалған немесе беделге нұқсан келтіретін ақпарат жарияланған жағдайда, ақпаратты терістеу дәл сол платформаларда тегін жариялануы міндеттеледі. Бұрын бұл талап тек дәстүрлі медиада болған.

Пайдаланушыларға қойылатын талаптар

Авторлардың міндеттері де күшейеді:

  • білім беру контентін жариялайтындар диплом немесе сертификат туралы ақпаратты көрсетуге тиіс;

  • оккульттік немесе соған ұқсас мазмұндағы видеолар міндетті түрде «ғылыми дәлелі жоқ» деген ескертумен берілуі керек;

  • 5 мыңнан астам жазылушысы бар анонимді аккаунттар иесінің деректерін тіркеуі қажет болады.

Бөтен адамның бейнесін пайдалану туралы ереже

Заң жобасы бойынша енді адамның келісімі егер оның суреті өзі жариялаған ашық дереккөздерде бар болса, қажет етілмейді. Бұл норманың мақсаты – құқық қолданудағы түсініксіздіктерді жою.

КоАП-тағы өзгерістер

Параллель жүргізілген түзетулер әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді:

  • бөгде адамның бейнесін заңсыз пайдалану,

  • заңсыз контент тарату,

  • интернеттегі балағат сөздер үшін

30–200 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

Министрлік ұсынылып отырған шаралар интернеттегі заңсыз контенттің таралуын азайтып, цифрлық қауіпсіздікті арттыратынын айтады.

Құжаттар «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 29 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →