×

85 мың теңге айлыққа күн көретін азаматтар үшін қандай тұрғын үй мүмкіндігі бар

85 мың теңге айлыққа күн көретін азаматтар үшін қандай тұрғын үй мүмкіндігі бар
ашық дереккөзден

Қазақстанда ең төменгі жалақы алатын, баспана алуға қауқары жетпейтін азаматтарға арналған арнайы механизм бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов  журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, табысы төмен тұрғындарға бастапқы жарнасыз жалға берілетін тұрғын үй қолжетімді.

Табысы төмен азаматтарға қандай мүмкіндік бар?

Вице-министрдің айтуынша:

  • Жалға берілетін баспананы алу үшін бастапқы жарна талап етілмейді;

  • Мұндай баспананы 20 жылға дейін пайдалану мүмкіндігі бар;

  • Уақыт өте келе азаматтың қаржылық жағдайы жақсарса, бастапқы жарна жинап, пәтерді жекешелендіруге мүмкіндік беріледі.

Бағдарламаның қазіргі көрсеткіштері

Қажкеновтің дерегінше, бүгінде Қазақстанда 70 мың жалға берілетін пәтер бар. Оларға:

  • 13 мыңнан астам өтінім түскен;

  • Соның 10 мыңнан астамы баспананы жекешелендіріп алған;

  • Шамамен мыңға жуығы тұрғын үйдің құнын толық әрі мерзімінен бұрын өтеген;

  • 3 мыңнан астамы жалға берілген баспананы кейін сатып алу шартымен несиеге алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →