×

Алматыда «Медеу» спорт кешенінде реконструкция 2027 жылы аяқталады

Қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Алматыда «Медеу» спорт кешенінде реконструкция 2027 жылы аяқталады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешенінде реконструкция жұмысы 2027 жылы аяқталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті.

«Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады. Кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыс 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін, 17:38

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 
Барлығы 20 елден 114 жоба финалдық кезеңге іріктеліп алынды
Тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтағы отбасыларға берілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →