×

«Наурыз» ипотекасына 9 мың қазақстандық өтті: енді баспана алу кезеңі басталады

«Наурыз» ипотекасына 9 мың қазақстандық өтті: енді баспана алу кезеңі басталады
Ulysmedia

Отбасы банк «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушыларды іріктеу қорытындысын жариялады. 25 мыңнан астам өтініштің ішінен 9 мың азамат таңдалып, әрбір үшінші өтініш беруші тізімге енді. Қатысушылардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Ең көп өтініш Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан түскен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іріктеуден өткен азаматтар 2026 жылдың 13 қаңтарына дейін Отбасы банкке онлайн түрде кредиттік өтініш тапсыруы керек. Өтініш мақұлданғаннан кейін баспана таңдау және сатып алу үшін алты ай уақыт беріледі.

Банк өкілдерінің айтуынша, өтініш берушілерді таңдауда басты рөлді олардың жинақ мәдениеті атқарған.

«Депозитте тұрақты түрде ақша жинау шешуші фактор болды. Жүйелі түрде қаражат жинағандар, отбасылық депозиттерді біріктіргендер немесе зейнетақыдағы артық соманы салымға бағыттағандар іріктеуде жиірек өтті», – деп хабарлады Отбасы банк.

Бағдарлама іске қосылған алғашқы сағаттардың өзінде 2 мыңнан астам өтініш беріліп, жоғары сұраныс қалыптасты.

Енді негізгі сын – несиені рәсімдеу кезеңі. Қатысушылардың банк тексерісінен өтуі, әрі белгіленген мерзім ішінде баспана таба алуы шешуші болмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті
Кеше, 17:38

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →