×

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Қосымша құрамдар шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Sputnik / Максим Блинов

Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі алдында және мереке күндері қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қосымша құрамдар шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қосымша рейстер келесі бағыттарда ұйымдастырылады:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
– Алматыдан жөнелту: 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2, 4 қаңтар.
– Астанадан жөнелту: 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан, 3 және 5 қаңтар.

• №203/204 «Астана (Нұрлы жол) – Шымкент»
– Астанадан жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар.
– Шымкенттен жөнелту: 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар.

• №257/258 «Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол)»
– Ақтөбеден жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2 қаңтар.
– Астанадан жөнелту: 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 4 қаңтар.

Пойыздарға купе және плацкарт вагондары қосылады. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттардағы тұрақты пойыздарға қосымша вагон тіркеліп, 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.

Компания жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуға кеңес берді.

«Жаңа жыл мерекесі кезінде сұраныс әрдайым жоғары. Егер билет сатып алу кезінде орын болмаған жағдайда жолаушылар тегін “Кезек күтушілер тізімі” қызметін пайдалана алады», – деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңбырдан кейін Алматының ауасы айтарлықтай тазарып қалды
Бүгін, 10:54

Жаңбырдан кейін Алматының ауасы айтарлықтай тазарып қалды

Алматыдағы ластану деңгейі соңғы күндермен салыстырғанда төмендеген
Алматыда құқық қорғаушылар мен заңгерлер ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады  
Көрерменге түсінікті болу үшін көрменің әр аймағы белгілі бір мағыналық қабатты ашатын арнайы кеңістікке бөлінген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →