×

Жаңбырдан кейін Алматының ауасы айтарлықтай тазарып қалды

Алматыдағы ластану деңгейі соңғы күндермен салыстырғанда төмендеген

Жаңбырдан кейін Алматының ауасы айтарлықтай тазарып қалды
Qaz365.kz

Алматыда 9 желтоқсанда ауа райы ашық болып, қала үстіндегі тұман мен шаң сейілді. Кешегі жаңбырдан кейін Іле Алатауы да анық көрініп, қала тұрғындары таза ауаны сезіне алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Синоптиктер бір апта бұрын желтоқсан басында жауын-шашын болып, жел соғатынын ескерткен еді. Табиғи құбылыс қаладағы түтіннің тарауына ықпал етіп, ауа сапасының жақсаруына себеп болды.

Ауа сапасын бақылаумен айналысатын IQAir платформасының деректеріне қарағанда, Алматыдағы ластану деңгейі соңғы күндермен салыстырғанда төмендеген.

Соңғы айларда Алматы ауасы әлемдік антирейтингтерден түспей келгені белгілі. Алайда жауын-шашын мен желдің әсерінен қала аспаны қайта ашылып, тұрғындар біршама жеңіл тыныстай бастады.

1 желтоқсаннан бастап Алматыда экологияны жақсартуға бағытталған жаңа талаптар енгізілген. Қала билігі автопаркті жаңарту және зиянды заттардың ауаға таралуын азайту үшін атмосфераны қорғау ережелерін әзірлеуге кіріскен. Құжат қазіргі уақытта келісу кезеңінде.

Сонымен қатар желтоқсанның алғашқы күндерінде қатты отын пайдаланатын қоғамдық тамақтану орындарына бақылау күшейтілді. Санитарлық қызмет 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, 10 құқықбұзушылықты анықтаған.

Қала бойынша «Eco Almaty» ЖШС-нің жылжымалы зертханалары да жұмыс істеп, ауадағы зиянды қалдықтардың деңгейін өлшеуді жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Бүгін, 09:48

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Қосымша құрамдар шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді
Алматыда құқық қорғаушылар мен заңгерлер ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады  
Көрерменге түсінікті болу үшін көрменің әр аймағы белгілі бір мағыналық қабатты ашатын арнайы кеңістікке бөлінген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →