×

Депутаттардың ұсынысынан кейін авиабилеттер қымбаттауы мүмкін

Депутаттардың ұсынысынан кейін авиабилеттер қымбаттауы мүмкін
freepik

Қазақстанда қайтарылмайтын билет түрін алып тастау қарастырылып жатыр. Егер бұл норма қабылданса, авиабилеттердің құны өсуі ықтимал. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске салайық, 2023 жылы билетті 100% қайтаруға болмайтын талапты жою бастамасы көтерілген еді. 2024 жылдың қыркүйегінде Мәжіліс «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта осы норманы енгізу қарастырылған.

Вице-министрдің айтуынша, толық қайтарылатын билет енгізілсе, шығын авиакомпания емес, басқа жолаушылардың тарифіне қосылуы мүмкін.

— Егер билет толық қайтарылатын болса, компенсация шығындары рейске келген басқа жолаушыларға бөлінеді. Өйткені авиакомпаниялардың жалғыз табыс көзі — билеттің құны. Сондықтан бұл шығындар тарифтерге әсер етіп, бағаның өсуіне әкелуі мүмкін, — деді Ластаев.

Қазір министрлік бұл норманы Мәжіліс және сарапшылармен талқылап жатыр. Мақсат – қандай жағдайларда билет құнын толық қайтару керектігін, ал қай кезде халықаралық тәжірибені қолдану қажеттігін нақтылау.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →