×

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қажет жеткіліктілік шегі жаңартылды

2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қажет жеткіліктілік шегі жаңартылды
gov.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады. Келесі жылғы көрсеткіштер орта есеппен 10%-ға өседі. Қордың түсіндіруінше, бұл өсім қазіргі және болжамды инфляция деңгейіне сәйкес келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа шектер республикалық бюджет туралы заңда бекітілген 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде есептелген. Құжатқа сәйкес келесі базалық мөлшерлер белгіленді:

  • ең төменгі жалақы — 85 000 теңге,

  • ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге,

  • ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

Жеткіліктілік шегі – зейнетақы жинағынан тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін мерзімінен бұрын ақша алуға мүмкіндік беретін ең төменгі қалдық сома.

2026 жылға арналған жаңартылған мөлшерлер былайша белгіленді:

  • 20 жастағылар үшін3,72 млн теңге,

  • 30 жастағылар үшін5,12 млн теңге,

  • 40 жастағылар үшін6,72 млн теңге,

  • 50 жастағылар үшін8,57 млн теңге,

  • 60–62 жастағылар үшін10,7 млн теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →