×

Елордадағы дүкен Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендіріліп, жұрттың алғысына бөленді

Елордадағы дүкен Тәуелсіздік күніне орай ерекше безендіріліп, жұрттың алғысына бөленді
Коллаж

Қазақстанда жыл сайын желтоқсан айының басында сауда орталықтары мен дүкендер Жаңа жылға арналған безендіруді бастап кетеді. Аяз ата, шырша, түрлі түсті шамдар мен ойыншықтар – әдетте мерекелік көңіл-күйдің негізгі атрибуттары. Алайда Астанадағы «Әзірет» дүкені бұл үрдісті өзгертіп, алдымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін айрықша атап өтуді жөн көрді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Сауда орны қабырғаларын көк түсті шарлармен, Қазақстан туымен және ұлттық реңк беретін элементтермен безендіріп, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

Пайдаланушылар дүкен иесінің бастамасын жылы қабылдап, «маңызды мерекені жаңа жылдық жылтырдан тасада қалдырмай, елдік рухты көтерді» деп ризашылықтарын жазып жатыр.

Көпшілік мұндай қадамның Тәуелсіздік күнінің мән-маңызын айшықтап, патриоттық сезімді күшейткенін атап өтті.

Желіде жарияланған суреттер қысқа уақытта кең таралып, он мыңдаған лүпіл жинаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Бүгін, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →